Пайдаланушыларға хабарлар жіберу

Пайдаланушыға электрондық пошта арқылы хабар жіберу үшін:

  1. Консоль ағашының Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасында пайдаланушыны таңдаңыз.

    Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасы әдепкі бойынша Кеңейтілген қалтасына салынған.

  2. Пайдаланушы контекстік мәзірінде Электрондық пошта арқылы хабарлау таңдаңыз.
  3. Пайдаланушыға хабар жіберу терезесінде қажетті өрістерді толтырып, OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, хабар пайдаланушының сипаттарында көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі.

Пайдаланушыға SMS-хабар жіберу үшін:

  1. Консоль ағашының Пайдаланушылардың есептік жазбалары қалтасында пайдаланушыны таңдаңыз.
  2. Пайдаланушы контекстік мәзірінде SMS хабарын жіберу таңдаңыз.
  3. SMS мәтіні терезесінде қажетті өрістерді толтырып, OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, хабар, нөмірі пайдаланушының сипаттарында көрсетілген ұялы құрылғыға жіберіледі.

Басына оралу